Конкурс туралы


Фариза Оңғарсынова жырлары шашқан шұғыла

Фариза Оңғарсынованың шығармашылы бойынша Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауы туралы
  ЕРЕЖЕ
 
     Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жыл сайынғы республикалық «Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауын жариялайды.  

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
          Фариза  Оңғарсынова шығармашылығын оқырмандар арасында таныту, олардың поэзияға құмарлығын ояту;
          оқырмандармен жұмыстың жаңа түрлерін анықтауда және іздеуде кітапхана мамандарының шығармашылық  қызметін арттыру; 
          кітапханалық блогерлік саласында кітапхана мамандарының медиасауаттылығын арттыру.

   Байқаудың қатысушысы ретінде ұлттық және аумақтык, қалалық және ауылдық, университеттік және мектеп кітапханалары бола алады. Байқау материалдарын 2013 жылдың 1 қарашасына дейін Интернет желісіне ұсыну керек, ал 12 желтоқсанда  шығармашылық сайыстың қорытындысы шығарылады.

   Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауына қатысу үшін:

   2013 жылдың 2 қыркүйегіне дейін байқау ұйымдастырушыларына БІР кітапханалық блог жасалуы туралы хабарлау керек (номинациялар: «Оқырман үшін ең үздік кітапханалық блог», «Үздік тақырыптық блог», «Кітапханашы үшін үздік блог», «Ең дәстүрлі емес блог»). Қатысу үшін өтінішті ұсынылған түрде (Қосымша-1) толтырып, R.Mukhamedzhanova@nabrk.kz   электронды  адресіне  жіберу керек;

   2013 жылдың 10 қыркүйегіне дейін Blogger (http://www.blogger.com) платформасында өз жобасының арнайы күнделігін ашу керек, онда жоба авторларының қалауы бойынша әртүрлі басқа ақпараттар орналастыруға болады;

   2013 жылдың 18 қыркүйегіне дейін акция ұйымдастырушыларына байқау жобасы блогының мекен-жайын хабарлау керек. 

   Ең танымал байқау блогтарын анықтау үшін facebook әлеуметтік желісі парағында ашық дауыс беру ұйымдастырылатын болады (мекен-жайы қосымша хабарланатын болады). 2013 жылдың 8 қарашасына дейін оң түсініктеменің ең көп санын және «Маған ұнайды» деген белгіні  жинаған 20 жобадан шорт-бет жасалынады, олардың көшбасшысын белгілі ақын-жазушылар, кітапхана мамандары, көрнекті әдебиет зерттеушілері мен қоғам қайраткерлерінен құралған сараптау комиссиясы анықтайды.  
   20 кітапхана – Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша Кітапханалық блогтардың халықаралық байқауының белсенді қатысушыларына естелік сертификаттар мен Фариза Оңғарсынованың қолтаңбасы бар кітаптар беріледі.
   Байқаудың 5 жеңімпазы арнайы дипломдар мен бағалы жүлделермен марапатталады.

 Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша
Кітапханалық блогтардың халықаралық байқауына қатысу үшін
ӨТІНІШ

 1.   Кітапхананың толық атауы (кітапхананың web-сайты)
 2.   Қатысушы туралы байланыс ақпарат (жауапты қызметкердің аты-жөні, тегі, лауазымы, пошталық мекен-жайы, е-mail)  
 3.   Акция аясында жоспарланған блогтың атауы және мекен-жайы
 4.   Қатысушы блогының номинация атауы
 5.   Блогтың мақсаты мен міндеттері
 6.   Блогтың адрестік аудиториясы


    Өтініш 2013 жылдың 2 қыркүйегіне дейін электронды хат арқылы мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:  R.Mukhamedzhanova@nabrk.kz.



Комментариев нет:

Отправить комментарий